"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

06.06.2013

Көрулер: 2352

Келешек білімге байланысты
05.06.2013 21:29 Айдана НҰРМҰХАН
0 16

Елімізде жоғары оқу орындарын қайта жаңарту жолын іздестіру көптеген бағыт бойынша жүріп жатыр.

Қазір қазақстандық ЖОО-да жаңаны ендірудің тиімді жолының бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегідей зерттеу университетін құру. Бұл тұрғыда шетелдік тәжірибе жоғары маңызға ие, әсіресе, Ресей тәжірибесі, ондағы ғылыми-техникалық даму, инновациялық экономиканың қалыптасуы, ғылым мен білім интеграциясы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ре­сей мемлекеттік әлеуметтік уни­верситетімен тығыз қарым-қа­ты­наста. Егер ЖОО тек қана өмір сү­ру­г­е емес дамуға да талпынатын бол­са, оның басшылығы сыртқы жә­не ішкі өзгерістерге үнемі бе­йім­деліп отыруы қажет.
Инновация деген не? Бұл жа­ңа қажеттіліктерді қанағат­тан­ды­ру­ға бағытталған іс-әрекет (не­ме­се бұрынғыны қа­на­ғат­тан­дыруға жа­ңа жол ұсыну), оның негізінде жаңа білімді жаңа технологияға, ноу-хауға айналдыру жатыр.
Тәуелсіздік алған уақыттан бас­тап Президент Н.Назарбаев Қа­зақстан халқына Жолдау­ла­рында, дәрістерінде идеологияның маңызды үлгілерін жүйелі түрде ұсынып отырды. Бүгінгі таңда мем­­лекеттік саясаттың страте­гия­лық бағыты – интеллектуалдық ұлт қалыптастыру. Сондықтан «Ин­тел­лектуалдық ұлт – 2020» ұлт­тық жобасында Президент жаңа қа­зақстандықтарды тәрбиелеу мақ­сатында білім беру үдерісін зият­керлендіру қажеттігі идеясын ал­ға тартты. Сол интеллектуалды ре­сурстың бірі – бүгінгі жоғары мек­теп педагогы. Біліктілігі мен ше­берлігін шыңдай түсу мақ­са­тында еліміздің жоғары оқу орын­дарының оқытушылары Пре­зи­денттің инновациялық сая­сатымен тағайындалған талантты жастарды шетелде оқытудың арнайы ха­лық­аралық «Болашақ» бағдар­ламасы аясында дүниежүзінің жетекші университеттерінде және ғылыми-зерттеу ұйымдарында тағылым­дамадан өтуде.
Әлеуметтік педагог­тарды даяр­лау – педаго­ги­калық әрекеттің жаңа бір саласы. Әлеуметтік білім беру тәжірибесін жинақтау ондағы әлеуметтік білім беру мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру­ға, елдің адами ка­питалының қалыптасуына, аза­маттардың бә­секеге қабілет­тілігін, иннова­ция­лық ептілігін, белсен­ділігін арт­тыру­ға ықпалын тигізу ұлттық мүд­деге сәйкес екендігін көр­сетті. Осы тәжірибенің негізгі бө­ліктерін саралап көрейік. Көп­шілікке мә­лім, әлеуметтік педа­гогика инс­титуты 1990 жылы ен­дірілген бо­латын. Оған әлеуметтік өмірді ізгі­лендіру және демок­ра­тия­лан­дыру үдерістерін пайымдау алғы­шарт болды. Соңғы 20 жыл ішінде әлеуметтік педагогиканың инс­титу­тының құрылуы мынадай үш міндетті шешуді талап етті: қоғамда әлеуметтік педагогтардың кәсіптік қызметі саласын қалып­тастыру, ғылыми білімнің сәйкес саласын дамыту және маман даяр­лаудың жүйесін жасау.
Қазақстан үшін әлеуметтік пе­дагогтарды даярлау тәжірибесі пай­далы және қажет. Ресейлік әлеу­меттік білім беру жүйесі үздік­сіз, оның тұрақты құрылымы бар. Қа­зақстан үшін Ресейдегі әлеу­мет­тік педагогтарды даярлаудың тәжірибесі қоғамның әлеуметтік жаңғыруымен ұштасқандықтан аса маңызды. Бұл тәжірибенің негізгі идеологтары социология ғы­лымдарының докторы, Ресей білім академиясының академигі С.Григорьев, философия ғылым­да­рының докторы А.Егорычев, Ресей ғылым академиясының академигі В.Жуков, педагогика ғылымдары­ның докторлары Л.Мардахаев,
М. Галагузова, И.Липский, А.Муд­рик жә­не басқалар Ресей Үкіме­ті­мен тығыз байланыста барлық әлеу­меттік жағдайларға, шетелдік жүйе­лерге талдау жасап, белгілі бір тұжырымдарды тиянақтап оты­рады. Сондай-ақ жинақталған тә­жірибе адамның әлеуметтік өмі­рін қамтамасыз ету үдерісін ба­ғалау өлшемдері тұрғысынан ерек­ше және өзіндік жүйе. Осы тәжірибенің құрамдас бөлігі – қоғамда әлеуметтік педагогтың кә­сіптік қызметі саласының қа­лып­тасуы. Педагогикалық қыз­мет­тің жаңа саласы әлеуметтік- пе­дагогикалық әрекет әлеу­мет­тену дағдарысы көрініс бергенде, де­виантты мінез-құлықты жасөс­пі­рімдер және ересектер саны кө­бейгенде пайда болады. Бұл тә­жі­рибедегі ең маңыздысы әлеу­меттік білім беруді мемлекеттік дең­гейде көре білу және әлеу­мет­тік педагогтарды даярлаудың үш құрамдас бөлігінің де үйлесімді дамуы. Оған мысал ретінде, Ресей Федерациясындағы 2020 жылға дейін әлеуметтік білім беру Тұ­жырымдамасын айтуға болады. Тұжырымдамада қалыптасқан бай әлеуетті, терең тарихи тамыр­лы ынтымақтастықтың, мейірім­діліктің, әлеуметтік қамқорлықтың, өзара көмектің, мемлекеттің, қо­ғам мен жеке тұлғаның өмірінің ке­пілі әлеуметтік білім берудің жүйе­лі талдамасы берілген. Онда әлеу­меттік білім берудің мін­дет­тері, қызметтері, ұстанымдары, мақ­саттары және негізгі бағыт­тары нақтыланды.
Әлеуметтік педагогтарды даяр­лаудың тәжірибесінің екінші құ­рамдас бөлігі – әлеуметтік пе­дагогиканың ғылыми білімнің са­ла­сы ретінде дамуы. С.Липскийдің зерт­теуі бойынша, 1971-2008 жыл­дар аралығында әлеуметтік пе­дагогика мәселелерінен 1646 кан­дидаттық және докторлық дис­сертацияларда әлеуметтік пе­да­гогиканың ғылыми пән ретіндегі жал­пы құрылымы, әлеуметтік пе­дагогика тарихы, теориясы, адам­ның әлеуметтік даму теориясы, әлеу­мет­тік қолдау теориясы, әлеу­меттік-педагогикалық инфра­құры­лым теориясы тақырыптық-мә­селелік тұрғыдан талданған. Әлеу­меттік педагогиканың тео­риялық-әдіснамалық негіздері, ғылым ретіндегі дамуы жайлы монографиялық жұмыстар; әлеу­меттік педагогтарға арналып даяр­ланған оқулықтар, оқу құ­ралдары, сөздіктер, энцик­ло­педиялар жарияланды. Ғалымдар әлеуметтік педагогиканың ма­ғынасын, нысанасын және пәнін, ұғым­дық-түсініктік аппаратын нақтылауда. Ресей мемлекеттік әлеу­меттік университетінің ая­сында «Ұлттық әлеуметтік зерттеу университетінің 2018 жылға дейін даму Бағдарламасы» жасалып, жүзеге асырылуда. Желілік әлеу­меттік технопарк құрылған, Ре­сурстық орталық, студенттік биз­нес-инкубатор, Отбасының қонақ күту кеңістігі, Қабілеттер паркі, Әлеуметтік ғылымдардың Студент­тік академиясы жұмыс жасайды, «Парламенттік дебаттар» атты ин­тел­лектуалдық ойындар өткізіліп тұрады.
Тәжірибенің үшінші құрамдас бө­лігі әлеуметтік педагогтарды кә­сіптік даярлау жүйесін құру бо­лып табылады. Мұндай даярлау 1990 жылдан кейін жаңа ма­ман­дық ретінде 1995, 2000 және 2005 жылдары қабылданған стан­дарттар негізіндегі нормативтік құ­жаттарға енгізілген және даяр­лық басталған-ды. Қазіргі уақытта стан­дарттар төртінші рет жасалуда. Әлеу­меттік педагогтарды даярлау жүйе­сі толығымен оқу-әдістемелік әде­биетпен қамтамасыз етілген. Әсі­ресе, студенттердің кәсіптік прак­тикасын ұйымдастыруы көңіл ау­дарарлық. «Әлеуметтік универ­ситет» атты студенттерге және оқыту­ш­ыларға арналған газеттер, ғы­лыми журналдар шығып тұра­ды.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік педагогтарды даяр­лау­дың жинақталған тәжірибесін бейім­деп енгізуге бірқатар маз­мұн­ды алғышарттар бар. Олар, бі­ріншіден, Қазақстанда әлеу­меттік педагогтарды даярлау 90-жылдардың ортасынан жүргізілді де, төрт жылдай үзілістен соң, 2010-2011 оқу жылынан «Әлеу­мет­­тік педагогика және өзін-өзі тану» атты жаңа мамандық ашыл­ды. Бұл мамандық қазақстандық қоғамның әлеуметтік сұранысынан туын­дап отыр. Оның үстіне, Еге­мен­ді Қазақстанда мәңгілік мә­се­ле – өзін-өзі тану білім беру бағ­дар­ламасы бойынша жаңа мәнге ие болды. Ол Қазақстан Рес­пуб­ликасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен 1992 жылы құрылған «Бөбек» Ұлт­тық ғылыми-практикалық, білім бе­ру және сауықтыру орталығы мен оның «Өзін-өзі тану» пәнін ғы­лыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін 2001 жылы ұйым­дас­тырылған Адамды үйлесімді да­мыту институты арқылы жүзеге асы­рылып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда ме­мелекетті дамытудың жаңа әлеуметтік-мәдени контексінде мек­тептегі және жоғары оқу орын­дарындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты – рухани сауатты адам, өзінің ұлттық әлем бейнесін сақ­тай және дамыта отырып, жаһандану дәуірінде өмір сүруге және бақытты болуға қабілетті, қоршаған ортаны қорғай алатын, өмір салты өзгеше адамдарды сый­лай білетін, түрлі мәдениет пен өмір тәжірибелерін құрмет­тей­­тін планета азаматын қалып­тас­тыру болып табылады.
Екіншіден, оқытушыларды даяр­лау және олардың біліктілігін арттыру жұмысы жүйеленуде. Ай­талық, «Өзін-өзі тану» пәні пе­дагогтарының біліктілігін арттыру «Бө­бек» Ұлттық ғылыми-практи­ка­лық, білім беру және сауықтыру ор­талығының Адамды үйлесімді да­мыту институты мен универси­тет­тердің ғалымдарының тікелей ара­ласуымен жүргізілуде.
Үшіншіден, жастарды әлеу­мет­тендіру және оларға рухани-адам­гер­шілік білім беру бағытында зерт­теулер ұйымдастырылуда. Қа­зақстанда әлеуметтік тәрбие, жа­сөспірімдердің әлеуметтік бел­сенділігін дамыту, тәртібінде ауыт­қулары бар жеткіншекті тәрбиелеу, жас­тарды әлеуметтендіру, этни­ка­лық әлеуметтендіру, әлеуметтік педагогтарды даярлау, болашақ педагогтарды әлеуметтік-педаго­ги­калық жұмысқа даярлау, әлеу­мет­тік педагогиканың оқу пәні ре­тіндегі құрылымын нақтылау, әлеу­меттік педагогика тарихы , әлеу­меттік қызметті ұйымдастыру, пе­дагогтарды деонтологиялық даяр­лау, болашақ педагогты тәр­бие жұмысына дайындау, отба­сын­дағы әлеуметтік жұмыс, әлеу­мет­тік психология мәселелері зерт­телуде.
Төртіншіден, Білім және ғылым ми­нистрінің 2005 жылдың 19 нау­рызындағы №185 бұйрығына жә­не 2010 жылдың 8 ақпа­нын­дағы №42 бұйрығына сәйкес Қа­зақ мемлекеттік қыздар педаго­ги­калық университетінде Білім жә­не ғылым министрлігінің әлеу­мет­тік педагогика және өзін-өзі тану мәселелері бойынша жоғары және жоғары білімнен кейінгі бі­лім берудің Республикалық оқу-әдіс­темелік кеңесі секциясы жұ­мыс жасайды. Секция «Әлеу­меттік педагогика және өзін-өзі тану», «Пе­да­гогикалық өлшемдер» ма­ман­­дықтары бойынша жалпыға мін­детті мемлекеттік білім беру стан­дарттарын, типтік оқу бағдар­ла­маларын және оқу-әдістемелік әдебиеттерді даярлауды ұйым­дас­тыру бағытындағы жұмысқа бас­шылық етіп келеді.
Бүгінгі күні әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ ұлттық университетінің жал­пы және этникалық педагогика кафедрасында әлеуметтік педа­го­гика және өзін-өзі тану саласы ма­мандары бакалавриат және ма­гистратура деңгейінде даяр­лану­да. Сондай-ақ кафедрадағы соңғы жылдары ендірілген «Тұл­ғаның дамуына арналған білім беру», «Тұлғаның әлеуметтенуі», «Әлеу­меттік-педагогикалық ак­мео­логия», «Жеке тұлғалық және кә­сі­би өсу» атты таңдау пәндері әлеу­меттік білім беру мазмұнын, жас­тардың өмірлік тұжырымдарын байытуда. Осы саладағы тәжі­ри­белерді білім беру үдерісінде қолдану жұмыстарын жүргізудеміз. Университетте конферен­ция­лар­да, әдіснамалық семинарларда, радиода және баспасөзде Елба­сы­ның идеяларын, ресейлік тәжі­ри­бенің ұтымды тұстарын насихат­таудамыз.
Ғылыми тағылымдама бары­сын­да Ресей мен Қазақстандағы жо­ғары білім берудің және ғылым­ның даму бағдарларын салыс­ты­рып, озық идеяларын сынай ек­шеп, пайымдап, алып келдім және біздің елдің білім беру жүйесінің шы­ғармашылықпен өрістеу үде­рісін жете түсіндік. Ғылыми ізденіс пен қалыптасқан тәжірибе нәти­же­лерін маман даярлауда тиімді пайдаланып, алдымен отандық ға­лымдардың шебер-сыныптарын өткізу жүйесі қарастырылғаны абзал. Содан кейін ғана елімізде әлі де нақты зерттелмеген мәселе­лер бойынша жақын және алыс шетел ғалымдарын шақырып, тә­жі­рибе алмасқан дұрыс болар еді. Шетел ғалымдары да бізге тағы­лым­дамаға келетіні анық, себебі мұндай үдеріс екі жаққа бірдей қызмет еткенде ғана пайдалы болмақ.
Тағылымдама нәтижелерінің ма­ңыздылығы – отандық ғалым­дарымыз бен ұстаздарымыздың парасат көшінің алдыңғы лебінде ке­ле жатқандығына, олардың тә­жірибесінің инновациялық әлеуе­тінің өркениеттілігіне және осы­лар­ға мақтаныш сезіміміздің не­гіз­ділігіне, еліміздегі білім мен ғылымның, жастардың жарқын болашағына деген сеніміміздің нығаюында.
Ш. ТАУБАЕВА,
К.ҚОЖАХМЕТОВА,
педагогика ғылымдарының докторлары, профессор, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академиктері