ҚазҰУ-да академик Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаевтің 75-жылдығына орай кітап жинағының тұсаукесері өтеді

03.06.2013

Көрулер: 2347

5 маусым 2013 жылы сағат 11:00-де (ректорат, 15-қабат) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академик Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаевтің 75-жылдығына орай «Өнегелі өмір» атты университеттік кітап жинағының тұсаукесері өтеді.


Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев 1938ж. 3 маусымда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1960 ж. Киров атындағы ҚазМУ-ды бітіріп, кейін кандидаттық диссертациясын қорғап, Алматы халық шаруашылығы институтына көп жылдар бойы аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыстар бойынша проректор қызметтерін атқарды. Мәскеуде экономика ғылымдары бойынша докторлық диссертация қорғап, 2жыл өткен сон (1980 ж.) профессор атағын алды. 1983-1986 жж. Қазақ КСР жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің орынбасары болып, Қазақ КСР Ғылым академиясының Экономика институтында жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі экономиялық реформалар жөніндегі Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары қызметкерінде болды.

1991 ж. Киров атындағы ҚазМУ ректоры болып тағайындалды. 10 жыл бойы осы қызметін атқара жүріп, университет ұжымының, ұстаздардың, студенттердің жұмыстарын жақсарту үшін университеттің басты механизмдерін жаңартты.

Бүгінгі күнде Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халықаралық ғылымдарының академигі, жоғарғы мектеп бірлестірушісі, әйгілі педагог, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде танымал. 300 ғылыми жұмыстардың авторы, 30-ға жуық кітап, оқулықтар және оқу құралдары бар.

Қазақстанның белгілі тұлғалары туралы жазылған «Өнегелі өмір» атты университеттік кітап жинағына ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов ұсыныс білдірді. Алғашында кітап таралымдары О.Жолдасбеков, М.Барманқұлов, О.Сүлейменов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, С.Зиманов, Т.Амандосов, К.Смаилов, А.Нұршайықов және т.б. белгілі тұлғаларға арналған болатын.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі