ҚазҰУ магистранттары мектеп оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді

03.06.2013

Көрулер: 2952

Оқушылардың жазғы демалыс қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің магистранттары Алматы қаласының №56 мектеп-гимназиясына барып қайтты.

Алматының ең үздік оқу мекемелеріне барудағы мақсат кәсіби-бағдарлау жұмысы шеңберінде жоғарғы сынып үздік оқушыларына келешектегі талапкерлерге біздің университетке оқуға түсуге таңдау жұмыстары жүргізілді.Табиғатты қорғау Қазақ қоғамы қызметкерлерімен балалар үшін экологиялық мейрам өткізу болатын дейді университет тобының жетекшісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экология мәселелері ҒЗИ директоры А.А.Скакова. Мектептің мәдениет залында барлық жиналған мектеп балаларына «Су-жердегі өмір элексирі» атты экологиялық фильм көрсетіліп, жоғарғы сынып оқушыларының Қазақстандағы ертеден келе жатқан ең мықты университеттің артықшылықтары туралы сұрақтарына жауап берілді.

Мектептің төменгі сынып оқушыларына ойын түрінде өте қызықты экологиялық сұрақ-жауап жүргізілді. Дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар үлестірілді. Оқушыларға отанымыздың табиғатына шынайы қарым-қатынастағы көзқарастары мен экологиялық жауапкершілік туралы көрнекті де ашық сабақ берілді, яғни олардың суды пайдалану мен қорғау деген ой өрістері бұрынғыдан да кеңейе түсті.

Экология мәселелері ҒЗИ