Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Балалар күні тойланды

03.06.2013

Көрулер: 2371

«1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 30 мамырдан бастап тойланды. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет ұжымының балалары арасында Спорт кешеннің шахмат клубында шахматтан XIII дәстүрлі олимпиада жарысы өтті. Жарысқа 10, 12 және 14 жас аралығындағы балалар қатысты. Жалпы қатысушылардың саны – 18 баланы құрады.


10 жасқа дейінгі балалар арасынан Абылай Ахметжан– бірінші орынға, Данияр Нукушев– екінші орынға және Элеонора Қабылбекова– үшінші орынға қол жеткізді. 12 жасқа дейінгі балалар ішінде Томирис Нұрғазы– бірініші орын, Ескендір Асанқұлов– екінші орын, Едіге Керімбаев үшінші орын алды.

Және 14 жасқа дейінгі балалар арасында Аян Орынбай– бірінші, Азамат Асанқұлов– екінші, Маралхан Маханов– үшінші орындарға ие болды.

Бұл жарыстың бас төрешісі Анатолий Носков (спорт шебері): «Бүгінгі осы жарысқа барлық бүлдіршіндер жақсы дайындалып, жеңімпаз боламыз деп үміт артып келді. Балалар өзара бәсекелестікке қарамастан ойын өте қызықты әрі тартысты өтті», - деді. Жеңіске қол жеткізген балалар «Парасат» кәсіподағының атынан мақтау қағаздары мен және түрлі сый-сияпатпен марапатталды. Жыл сайын балалар мерекесін атап өту университет қабырғасында дәстүрге ұласып келеді. 1 маусым күні – Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайындауниверситет ұжымының балаларына арналған мерекелік концерт өткізілді. Сахнада «Улыбка» эстрада театры өз өнерлерін көрсетіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт аяқталған соң бүлдіршіндерге ұйымдастырушылар «Парасат» кәсіподағының атынан сыйлық беріліп, студенттер сарайының алдында лоторея ойнатылды. Бұл лотореяға ата-аналар концертке кіру билеттерін лототронға салып, көптеген жүлделерге ие болды. Бас жүлдені Маржан Дәулетова – планшет, Айжан Яковцук – «Табаған» кешеніне жолдама және Алтаева Тоғжан – смартфон ұтып алды. Сонымен қатар тағы да басқа балаларға сый-сыяпат тарту етілді. Ата-аналар да осындай үлкен дейгейде университет басшылығы мен ұйымдастырушы «Парасат» кәсіподағына балаларға қуаныш сыйлап, оларға деген құрметін білдіргендеріне шексіз алғыстарын білдіріп, өз ризашылықтарын айтты. Бұл күні ешбір бала сыйлықсыз қалған жоқ, арнайы ұйымдастырылған концерт, лотерея ойындары бәрі кішкентай бүлдіршіндер үшін жасалды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі