Тұңғыш декан атындағы дәрісхана ашылды

29.05.2013

Көрулер: 1802

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы профессор Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырованың 70 жылдығына арналған еске алу мәжілісі және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Осы орайда факультетте тұңғыш декан атындағы дәрісхананың ашылу салтанаты өтті.

Бұл мәжілісте университет басшылығы, Қазақстан Республикасының зерттеу институттары мен аналитикалық құрылымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің өкілдері және факультеттің түлектері қатысты. Университетте Гүлжауһар Шағатайқызы атындағы 4 атаулы шәкіртақы факультеттің үздік студенттеріне берілді. Алдағы уақытта шәкіртақылар жыл сайын беріліп тұрмақ.

«Факультет басшысы ретінде қыруар шаруадан қолы босамай жатса да, студенттік ғылыми жұмыстарға бағыт беруге, шәкірттеріне ақыл-кеңесін беруге, қамқорлығын танытуға үлгеріп, отбасымен жұмысын үйлестіре білетін», - деді өз кезегінде доцент Бақыт Бюжеева, Гүлжауһар Шағатайқызының шәкірті-асперанты.

Гүлжауһар Шағатайқызының көптеген еңбектерінің ішінен, Қазақстанда халықаралық қатынастар мамандығының негізін салуына, оған білім беру және ғылыми зерттеу бағытын ерекше атап өтуге болады. Мәжілістің қонақтары Гүлжауһар Шағатайқызының жауапкершілігі, адамгершілігі, тұлға бойында терең білім мен бай мінезді екенін, асқан шеберлігі мен шексіз ізгілігін сонымен қатар халықаралық қатынастар факультетінің негізін қалаушы деп ыстық лебіздерін айтып өтті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі