Онлайн кездесудің берері мол

24.05.2013

Көрулер: 3117

22 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы Қазақстан Республикасының Павлодар қаласының №24, Тараз қаласының №35, Шымкент қаласының Ш.Айтматов атындағы №46, Құлсары қаласының Д.Жазықбаев атындағы №16 және Батыс Қазақстан Облысының Тасқала ауданының С.Ш. Жақсығұлов атындағы орта мектептерімен он-лайн режимде кездесу өткізді.

Кездесуге география факультетінің деканы Сальников В.Г., рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Артемьев А.М. және кафедра оқытушылары Жакупова А.А., Актымбаева А.С., Шакен А.Ш., Уварова А.К., Байбуриев Р.М. және кафедра студенттері қатысты. Кездесу барысында сөз алған факультет деканы Сальников В.Г. мектеп оқушыларына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы толық мағлұмат берді. Ал өз кезегінде кафедра меңгерушісі Артемьев А.М. мамандықтың қыр-сыры туралы оқушыларға кеңінен айтып берді. Оның ішінде кафедрының соңғы жетістіктері, Дүниежүзілік туристік ұйымның TedQual туристік білім беру сапасының сертификатын иеленгендігі, толық үш сатылы білім беретінін, оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізілетіні туралы айтылды. Он-лайн режимінде кафедраның білім беру және оқу-өндірістік тәжірибелері туралы түсірілген бірнеше слайд-презентациялар мен видео-роликтер көрсетілді. Оқушылар тарапынан қызығушылық артқаны сондай, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға кафедра оқытушылары толығынан толық жауап қайтарылды.

Осындай он-лайн режиміндегі кәсіптік бейімделу бағытындағы жұмыстары Республикамыздың шалғай жатқан аймақтарындағы мектеп оқушыларына университеттің артықшылықтары туралы толық мағлұмат алуға және мектеп оқушыларының болашақ мамандықтарын таңдауға септігін тигізетіні сөзсіз.

Бұл кездесу кафедраның бітіруші түлектері Кикбаева А., Өскембаева М., Адиет Д., Карибаева Н. көмектерімен жүзеге асырылды.