Ағылшын тілінде дәріс оқитын оқытушылар назарына!

23.05.2013

Көрулер: 2579

27 мамырдасағат сағат 10:00-де Лингвистикалық сауат орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің методикалық бюросы «Ағылшын тілі – әлемдік білім тілі: жаңа белестер мен жаңа әдістер» атты ғылыми-әдістемелік конференцияны өткізеді.

Конференцияда ағылшын тілі –болашақ мамандарды дайындаудың сапасын көтеру құралы, тілдік орта және мәдениетаралық қарым-қатынас, кәсіби білімді шет тілінде беру, тілдік пәндерді оқыту жолдарын жетілдіру тақырыптары қарастырылады. Осы шараға ағылшын тілінде дәріс беретін ұстаздар шақырылады.

Мекен жайы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті,

Қарасай батыр көшесі, 95.

Карипбаева Гульнар – 8(727) 243 89 20; 8707820 22 00

Сарбаева Роза -8771452 28 75