Көшбасшылардың ойыны

20.05.2013

Көрулер: 1823

7 мамыр күні елордамыз Астанада еліміздің көшбасшы университеттері арасында Назарбаев Университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында жолдастық кездесу өтті.

Жолдастық кездесу Назарбаев Университетінің заманауи спорт кешенінде өтті. Екі команданың ойынға деген дайындықтары жоғары деңгейлі екені ойын барысында айқын көрінді. Көшбасшы командалар өз қақпасына доп жіберіп алмаудың айласын ойлап біраз тартысты, дегенмен қонақтар ойын тізгінің алғашқы сәттен бастап қолға алды. Тартысты ойынға Назарбаев Университетінің ректоры Шигеу Котсу және Назарбаев Университетінің жоғарғы кеңесінің төрағасы Аслан Саринжипов келіп қатысты. Ойынның соңы дәстүрлі доп алмасумен қатар, ойыншыларды құрмет қағазымен марапаттаумен аяқталды. Футболшыларды Аслан Саринжанов құттықтап, тартысты ойын сыйлаған үшін алғысын білдірді. Бұл Назарбаев Университетінің тарихындағы алғашқы ойын болды. Ойынның басты мақсаты Елбасымыздың соңғы жолдауынына байланысты: «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс» дегендей, үлкен студенттік лига құру мен қатар, еліміздің көшбасшы университеттердің арасында яғни ҚазҰУ және НУ ресми қарым-қатынас орнату.

Топ жаттықтырушысы: Андарбаев Олжабек – дене шынықтыру кафедрасынынң доценті. Топ құрамы: Қалмахамбет Несіпхан (география және табиғатты пайдалану факультеті 4-курс), Омархан Ерасыл (заң факультеті 3-курс), Сейітов Руслан (заң факультеті 3-курс), Жәутікбаев Мерей (заң факультеті 3-курс), Визуете Педро (химия және химиялық технологиялар факультеті 3-курс), Бекаулов Айбек (экономика және бизнес жоғары мектебі 3-курс), Кукеев Мейіржан (халықаралық қатынастар факультеті 3-курс), Нурходжаев Аблай (география және табиғатты пайдалану факультеті 4-курс), Сейсембинов Тимур (биология және биотехнология факультеті 4-курс), Қуандыков Жансейіт (журналистика факультеті 3-курс).