"Ең үздік студенттік топ" байқауының соңғы туры өтті

23.05.2013

Көрулер: 1662

21 мамыр күні "Сұңқар" студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен өткіізіліп отырған "Ең үздік студенттік топ" байқауының соңғы туры өтті.


Финалда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып озып шыққан химия және химиялық технология, философия және саясаттану, тарих, археология және этнология, филология, әдебиеттану және әлем тілдері, механика-математика, физика-техникалық факультеттерінің үздік топтары өз жобаларын қорғады. Финалистер әр түрлі номинациялармен марапатталды. Байқау қорытындысы 25 мамыр күні шығады.