ҚазҰУ Бейіндік мектебінің алғашқы түлектері

22.05.2013

Көрулер: 2482

2013 жылдың 25 мамыр күні, сағат 10.00-де, әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың бейіндік мектебінде «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты "Сыңғырла, қоңырау, тағы да..." деген іс-шара өткізіледі. Бұл іс-шара Университет тарихында бірінші рет бейіндік мектебінің 11 –сынып оқушылары түлектеріне де арналады.


Бейіндік оқыту мақсатында Қазақстанның білім жүйесінде 2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан Республикасының ұлттық жоғары оқу орындарының бірі ретінде 10-11 сыныптары арасында бейіндік мектеп ашылды.

Мектеп оқушыларына заманауи жағдайда білім алып, болашақ мамандығының негізі бойынша ғылымға деген шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кепілді түрде «мектеп-колледж-бакалавриат-магистратура-доктарантура PHD» бойынша үздіксіз білім алуға керемет мүмкіндік береді.

Оқыту екі бағытта жүргізіледі: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық. Бейіндік мектеп - Философия және саясаттану факультетінің, педагогика және психология кафедрасының тәжірибелік алаңында болып табылады.

Аталған іс-шараға Алматы қаласының Алмалы аудандық білім беру бөлімінің өкілдері, университет пен мектеп әкімшілігі, оқытушылар, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысады.

Іс-шараның өткізілу орны: Аламты қаласы, Масанчи көшесі 39/47. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің №4 оқу корпусы, жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (мәжіліс залы).