25 мамыр күні ҚазҰУ-да Түлектер күні өтеді

22.05.2013

Көрулер: 2422

ҚазҰУ тарихында екінші рет жалпыуниверситеттік деңгейде Түлектер күні өтеді. Жыл сайын «ҚазҰУ түлектерінің күні» мамыр айының соңғы сенбісінде тойланады. Биыл ҚазҰУ түлектерінің күні – 25 мамырға сәйкес келіп отыр.


Сағат 10.45-те түлектер әл-Фараби ескерткішіне және Ө.А.Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Одан кейін қонақтар, оқытушылар, студенттер Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайына жиналып Түлектер күнінің салтанатты ашылуында бас қосады. ҚазҰУ түлектері қауымдастығының қызметі тұсаукесері және үздік түлектерді марапаттау рәсімі.

Сағат 12.00-де ҚР еңбек сіңірген ұжымы «Халықтар достастығы» орденінің иегері Құрманғазы атындағы халық аспаптар академиялық оркестрінің концерті беріледі.

Сондай-ақ түлектер университеттің 75 жылдығына орай ашылған ҚазҰУ-дың музейімен таныса алады.

Сағат 14.00-ден бастап жеке бағдарламалар бойынша түлектерді университет факультеттері күтіп алады.

Қорытынды ретінде 19.00-ден 22.00-ге дейінгі аралықта ҚазҰУ қалашығының Бас алаңында Түлектер балы өтеді.

Біз сіздерді 25 мамырда ҚазҰУ қалашығында күтеміз!

Ұйымдастыру алқасы:

ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы, 8 (727) 377-33-60