ҚазҰУ-да Нобель сыйлығының иегері III Джордж Фицжеральд Смуттың дәрісі өтті

21.05.2013

Көрулер: 1923

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәжіліс залында физика саласында Нобель сыйлығының иегері III Джордж Фицжеральд Смуттың дәрісі өтті.

ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов «Орталық Азиядағы жетекші оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келіп, дәріс өткізуге келіскеніңізге үлкен рахмет. Баршамыз бүгін университетте қалыптасқан дәстүр сабақтастығының арқасында Джордж Смиттің дәрісін тыңдап, студенттер, магистранттар мен оқытушыларға өздерін қызықтыратын тақырып төңірегінде кеңінен пікір алмасуға мүмкіндік туып тұр», - деді өз сөзінде.

Кездесудің басты тақырыбы «Әлемдік бейнелеу» болды. Картаға әлемдік бейнелеуді түсіру жолдары мен жасалған зерттеу жұмыстары, ғалымның қол жеткізген нәтижелері көрсетілді. Арнайы дайындалған кино студенттер назарына ұсынылып, залда отырған тыңдармандардың қызығушылығын арттырды.

Дәріс тыңдаушылар көкейдегі сұрақтарына толық жауап алды. Соның бірі, қазіргі таңдағы қандай жаңа зерттеу жұмыстары жасалып жатқандығы жөніндегі сауалға кеңінен тоқталып, Джордж Смит нақты 3 тәжірибе жүргізілгендігін айтты.

ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінің шешімімен шетелдік қонақтарға ғылым мен білім саласындағы елеулі үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құрметті докторы» атағы берілді. ҚазҰУ ректоры оларға диплом мен мантия табыс етті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі