Теория тәжірибеге ұласты

20.05.2013

Көрулер: 2549

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының 3-курс студенттері «Кока-кола Алматы Боттлерс» компаниясына экскурсияға барып қайтты.

«Кока-кола»бұл жалпы айтқанда көптеген елдерде кеңінен тараған сергітетін алкогольсіз сусын. «Мыңның атын білгенше бірдің түсін біл» демекші, оқу процесінде айтылатын мәліметтер мен оларды практикада көрсету мен таныстыру жағдаяттары салыстыруға да келмейді. «The Coca-Cola Company» компаниясының өнімі 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады. Қазақстандағы «Кока-кола Алматы Боттлерс» компаниясы өз қызметін 1994 жылы бастағаннан, қазіргі уақытқа дейін халық сұранысын қанағаттандырып, нарықта жетістіктерге бай өндірістік орын. Компания менеджері өндірістік аумаққа кіргеннен жылы ілтипатпен қарсы алды. Студенттерге мазмұнды презентациясын көрсетіп, компанияның құрылу тарихы мен қазіргі жағдайын саралап, әлемдік деңгейдегі көрсеткіштері бойынша жетістіктерімен таныстырды. Сонан соң өнімді даярлау цехтары және блоктарына саяхат жасады, олардың жұмысы туралы жалпы мағлұматтар берілді. Экскурсия студенттер үшін өте қызықты әрі пайдалы болды деп ойлаймын. Кафедра студенттері, яғни болашақ түлектері осындай халықаралық - мемлекеттік деңгейдегі ірі кәсіпорындарда экскурсиядан бастап тәжірибе жинақтау арқылы өз болашақтарына да септігін тигізетін пайдалы білім жинақтап, ынтымақтастық пен әріптестікті дамытуда зор рөл атқарады.

Физика-техникалық факультеті