«Біргілігім жарасқан!» атты өнер фестивалі өтті

23.04.2013

Көрулер: 1408

Университет шеңберінде өткен «Мемлекеттік тілдің үздік білгірі» олимпиадасын қорытындылау мақсатында мемлекеттік тіл кафедрасының "Ақ сөйле", "Сөз маржаны", "Ұтқыр ұрпақ" клубтары мен гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдер кафедрасының "Ағылшын әні" клубы ұйымдастырып отырған «Бірлігіміз жарасқан» атты өнер фестивалі өтті.

Жастар өмірді сүюді, жақсылық жасауды, адамгершілік қасиеттерді кеңінен меңгерсе, олар маман атанғанда қоғамды гүлдендіруге барынша үлес қосады.Осындай құндылықтарды алдыңғы орынға қойған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың бастамасымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы қолға алынған.