Халық әндері кафедрасы ұжымының концертіне шақырамыз

25.04.2013

Көрулер: 4237

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

Құрылымдық бөлімше, факультет және кафедра басшылары!

29 сәуір күні сағат 18.00-де Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әндері кафедрасы ұжымының концерті болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ұстаздары мен шәкірттеріне және қызметкерлеріне арналған концерттік бағдарлама «Бабалар аманаты» аталады. Әншілер репертуарында бабалардан жеткен толғау жырлар, әсем ән мен күмбірлеген күйлер қамтылған. Әншілер - халықтың бай мұрасын елімізде ғана емес, шет елдерде де насихаттап жүрген танымал өнер қайраткерлері.

Халық әні кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, жыршы Ұлжан Байбосынова,

ҚР еңбек сіңірген артисі Қошқарбек Тасбергенов

ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Еркін Шүкіманов,

ҚР мәдениет қайраткерлері Дүйсенбек Өміралиев, Талғат Мұқышев, Мұрат Әбуғазы, Ардақ Исатаева,

Халықарлық, республикалық байқаулардың лауреаттары Гүлфайруз Далбағай, Нұргүл Жақыпбек, Тілеулес Құрманғалиев, Эльза Қарабалина, Әбуғазин Талғат, Жақсыкелді Маясаров және студенттер.

Концертіміз халық өнерін насихаттау мақсатында болғандықтан, тамашалаймын деушілерге есігіміз ашық.