"Ана тілі" Ұлт газеті

17.04.2013

Көрулер: 1563

Алматыда «Қазақ университеті» газетінің 65 жылдық мерейтойына орайластырылған шара өтеді

Алматыда «Қазақ университеті» газетінің 65 жылдық мерейтойына орайластырылған шара өтеді

Бүгін Алматыда «Қазіргі кездегі ұлттық ақпараттық кеңістіктің дамуы» деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны өтеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болатын бұл шара «Қазақ университеті» газетінің 65 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. 1948 жылдың 20 сәуірінен бері шығып келе жатқан университеттің төл басылымына жетекшілік еткен және онда қызмет жасаған журналистер, жазушылар және журналистика факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы қатысады.
Еске салар болсақ, филологияғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенмәдениетқызметкері Шериаздан Елеукенов, жазушы-журналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбілфайыз Ыдырысов, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы,фантаст-жазушы,профессор Абдул-Хамит Мархабаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәкен Қамзин, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, алаштанушы-ғалым Сақ Қайрат және тағы басқа да ғалымдар әр жылдары газеттің бас редакторы қызметін атқарды.