«Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» атты ІІІ Студенттік Халықаралық форумы өтеді

16.04.2013

Көрулер: 3020

2013 жылдың 19-20 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы мен «Жасыл көпір» жобасын талқылауға арналған «Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» атты ІІІ Халықаралық студенттік форумы өтеді. Форумның пленарлық мәжілісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, механика-математика факультетінің Рубин залында сағат 11.00-де басталады.

Форумның басты мақсаты студенттерді «жасыл экономика» үрдістерінің жүзеге асыру жұмыстарына шақыру және экологиялық бастамаларды алға тарту саласындағы студенттік ұйымдардың өзара тәжірибе алмасуы мен қарым-қатынас орнату мақсатында пікір алмасу алаңын қалыптастыру болып табылады. Форум жұмысына еліміздің жастар саясаты, энергоэкология және табиғаттану саласындағы қайраткерлер, жас зерттеушілер қатысады. Сонымен қатар, «жасыл экономика» саласындағы шетелдік жастар қозғалыстарының жетекшілері, ТМД елдері «Жасыл қалашық» жобаларының студенттік өкілдері және өңірлік көшбасшылар өз жұмыстарымен таныстырады.

Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім

Картаева Сандуғаш

+ 7702383 66 27

E-mail: sandugash.kartayeva@kaznu.kz