С.Ә. Айғалиев ҚР Президентінің алғыс хаты мен төсбелгісі тапсырылды

11.04.2013

Көрулер: 2716

Механика-математика факультетінің дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Әбдіғалиұлы Айсағалиевқа ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хаты мен төсбелгісі тапсырылды.

Бұл марапат профессорға ғылымға, мамандар даярлау ісіне қосқан елеулі үлесі, аға буын өнегесін жастарға үлгі етудегі ардагерлік ұстанымы үшін табыс етілді.

С.Ә. Айсағалиев – математика саласында ғылыми ортаға кеңінен танымал ғалым. Білім ордасында басқару теориясы кафедрасының негізін қалап, оны отыз бес жыл үздіксіз басқарған.

Механика-математика факультеті