"Түркістан" республикалық апталық басылым

11.04.2013

Көрулер: 1441

НАШАҚОРЛЫҚ – ҮЛКЕН ҚОРЛЫҚ

«Есірткісіз ақыл-ой» Бүкіләлемдік лига» белгілі бейүкіметтік ұйымы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға студенттердің есірткіге саналы түрде қарсы тұруын қалыптастыруға арналған бірлескен жоба өткізу туралы ұсынысын жасады.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановқа әріптестік жөнінде ұсыныс барысында Бүкіләлемдік лига директоры Денис Потоцкий: «Сіз Қазақстандағы жетекші университетті басқарып отырсыз. Бұл университетте берілген білім тек сақталып қалмай, әрі қарай дамып, өндірісте нәтижелі болып отыр. Қазақ ұлттық университеті репрезентативті қызмет атқарып келеді. Сіз басқарып отырған университет Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде үлгілі оқу орны болып табылады», – деді.
«Maya Planet: Бүкіләлемдік есірткіге қарсы» бірінші бірлескен есірткіге қарсы көрме жобасы болады. Бүкіләлемдік лига президенті, профессор Жеңишбек Назаралиев студенттер мен оқытушыларға есірткі зияны мен оған бүгінгі көзқарас туралы дәріс оқиды.
БҰҰ экс-бас хатшысы Кофи Аннан, буддистердің рухани көшбасшысы Далай Лама, Австралия премьер-министрі Джулия Гиллард, Германияның Федералды канцлері Ангела Меркель, актер және саясаттанушы Арнольд Шварцнеггер, ҚХР компартия төрағасының орынбасары Чэнь Сывень және басқа да танымал тұлғалар Бүкіләлемдік лигасының құрметті мүшелері болып табылады.

«Түркістан-ақпарат»