"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

11.04.2013

Көрулер: 1520

Болашақ тілшілер сынақтан өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті баспа ісі және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің және республикалық ақпарат құралдары мен баспалардың қолдауымен мектеп және колледж оқушылары арасында Республикалық «Болашақ баcпагер-редактор» байқауын өткізбек.

Байқаудың мақсаты: Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру; Олардың баспа ісі жөніндегі түсінік-танымын кеңейту; Кітап дайындау, шығару, тарату кәсі­біне баулу; Баспа бизнесімен айналысуға жол ашу;
«Баспа ісі» мамандығына қызығушы­лы­ғын ояту.

Байқаудың шарттары: Байқауға мектептер мен колледж­дер­де оқитын барлық оқушылар қатыса ала­ды. Қатысушылар үш сынақ бойынша жарысқа түседі: 1. Әдеби-публицистік сынақ сынтезі (критерийі):
– таңдалған шығарманың мазмұнын, яғни тақырыбы мен идеясын ашуы;
– шығарманың пішінін, яғни компози­ция­сы, сюжеті, тілі, стилін дұрыс құра білуі;
– грамматикалық, стилистикалық, пунктуациялық сауатының жоғары болуы.
2. Безендік (дизайн) сынақ сынтезі:
– шығарманың мазмұнын аша білуі;
– бояулардың үйлесімін таба білуі;
– жазу, сызу және бояу тәсілдерін үй­лес­тіре білуі;
– жаңашылдық.
3. Редакторлық-корректорлық сынақ сынтезі:
– сөйлемнің стилистикалық құрылымын дұрыстау;
– грамматикалық сауат;
– пунктуациялық сауат.
Болашақ баспагерлер байқауы үстіміз­де­гі жылдың 3 мамыр күні Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің жур­налистика факультетінің үшінші залын­да өтеді. Бәйге қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған жеңімпаздар егер «5В042200 баспа ісі» мамандығы бойынша оқуға түс­се, бір жылдық шәкіртақыға ие болады. Қатысушыларға және олардың жетекшіле­ріне байқауға катысқаны жөнінде серти­фи­кат беріледі.

Ұйымдастыру комитеті