ҚазҰУ-де Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» ДП төрағасы Азат Перуашев «Көшбасшылық дәрісін» өткізеді

11.04.2013

Көрулер: 2677

2013 жылдың 12 сәуір күні сағ. 15:00 заң факультетінде (ГУК 3, №4 дәрісхана залы) ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығының атсалысуымен «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің «Көшбасшылық дәрісі» өтеді.


А.Перуашев «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның парламенттік фракциясының жетекшісі және ҚР Парламенті Мәжілісінің Аймақтық даму және экономикалық реформа жөніндегі комитетінің мүшесі болып табылады.

Дәріс барысында «АҚ ЖОЛ» ҚДП депутаттық фракциясының заң шығармашылық қызметінің мәселелері, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салалары және т.б. өзекті мәселелер жөніндегі ұстанымдары, сонымен қатар, қарапайым азаматтардың, кәсіпкерлердің құқықтық мүдделері мен құқықтарын қорғаудағы фракцияның қызметінің нәтижелері кеңінен талқыланады.

Азаматтық құқық

және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы