ҚазҰУ-да дәстүрлі діннің орны туралы конференция өтеді

10.04.2013

Көрулер: 2446

19 сәуір, сағат 10:00-де ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерге байланысты өткізілетін «Қазақстандағы конфессияаралық келісімді нығайтудағы дәстүрлі діндердің орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.


Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияны өткізудегі негізгі мақсат еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы халқы арасында дінаралық келісімді нығайтудағы дәстүрлі діндердің орнын айқындау. Пленарлы және секциялық мәжілістерде Ханафи мазһабының тарихи қалыптасуы мен даму жолдары, қазақ халқының ежелгі діни дүниетанымы мен ислам құндылықтарының сабақтастығы, Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің қызметі, Қазіргі Қазақстандағы дінаралық, ұлтаралық, мәдениетаралық келісімді нығайтудағы дәстүрлі діндердің рөлі, Исламдағы толеранттылық дәстүрі тақырыптары талқыланады.

Конференция жұмысында бірегей ғылыми – кәсіби тәжірибесі бар көрнекті дінтанушы ғалымдар, теологтар қатысуда. Қазақстан, Түркия, Қытай, АҚШ, Иран Ислам Республикасы, Египет Араб Республикасының академиялық және ғылыми орталықтарынан, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары конференция жұмысының жоғарғы кәсіби деңгейде өтуіне қызмет етпек.

Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану

факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Байланыс тел.: (727) 3773330, 3773332, 3773331 қосымша 1337

e-mail: simpislam@mail.ru