"24.kz" телеарнасы

05.04.2013

Көрулер: 1370

Саид Джалили Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымына дәріс оқыды

2013-04-05 Білім, Жаңалықтар, Аймақтар Қарау 37

Саид Джалили Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымына дәріс оқыды

Иран Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Джалили Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымымен кездесті.

Бұл – оның қазақстандық жоғарғы оқу орындарына тұңғыш келуі. Джалали кездесуде студенттер мен оқытушыларға аймақтық қауіпсіздік пен Тегеранның бейбіт атомдық бағдарламасы негізінде дәріс оқыды.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағыжан-жақтыынтымақтастық пен білім саласындағы әріптестік берік орнаған. Қазақ ұлттық университеті әлемнің 418 оқу орнымен әріптестік орнатса, олардың ішінде ирандық оқу орындарының алатын орыны ерекше. Қазір университеттің «Ирантану» кафедрасының 30-ға жуық студенті мен 6 магистранты аталған елде білім алып жатыр. Саид Джалали университетке жасаған бұл жұмыс сапары 5-6 сәуірде Алматыда өтетін Иран келісімі аясында ұйымдастырылды. Сондықтан қадірменді қонақ өз сөзінде әлемдік бейбітшілік, демократия мәселесіне көп көңіл бөлді. «Иран Республикасының «атомдық бағдарламасы» бейбіт мақсатты ғана көздейді. Ядролық қаруды қолданбауға бұл ел де аса мүдделі. Өйткені бұдан бірінші кезекте бейбіт халық зардап шегеді. Бүгінде әлемдік державалар демократияны, бейбіт қоғамды ұран еткенімен, қару шығаруын тоқтақан жоқ. Ал қарумен бейбітшілік орнату мүмкін емес»,-деді өз сөзінде Саид Джалали.

Саид ДЖАЛИЛИ, ИИР Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы:

- Бүгінде Америка әлем бойынша ядролық қарудың ең мол қорына иелік етіп отыр. Сөйте тұра, біздің атомдық бағдарламамызға барынша қарсылық білдіруде. Бұдан кейбір ірі мемлекеттердің әскери, экономикалық, саяси монополистерге айналғанын көруге болады. Біздің пікіріміз жаппай қырып жою қаруынан әлемдегі барлық ел бас тартуы керек. Өкінішке орай қазір әлемді әділдік емес күш билеуде.