Студенттер арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша олимпиада өтті

28.03.2013

Көрулер: 4164

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 28 наурыз күні еліміздегі жоғары оқу орындары арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтті.

Олимпиада еліміздегі «Шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету, сонымен қатар жоғарғы оқу орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында ұйымдастырылды.

Сайысқа ҚазҰУ студенттерімен қатар, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ сынды жоғарғы оқу орындарының «шығыстану» мамандығы бойынша білім алып жүрген 2, 3, 4 курс студенттері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 50-ден асты.

Олимпиаданың ресми ашылу салтанатына ҚазҰУ халықаралық серіктестік Департаментінің директоры Қайырсынова Е.К., Алматы қалдасындағы ҚХР Бас консулы Ду Дэвэнь ханым, ҚСЗИ басты ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Ким Г.Н., Конфуций Институтының директоры Асильбеков Р.Ө., Египет мәдени орталығының директоры Ашраф Дервиш мырза сынды қонақтар қатысты.

Сайыстың нәтижесінде келесі студенттер жүлделі орындар иемденіп, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің дипломдарымен марапаттауға ұсынылды:

Қытайтану бөлімі бойынша:

I орын Зетова Асель, 4 курс, ҚазҰУ

ІІ орын Кенжеболат Акмаржан, 3 курса, ҚазҰУ

ІІІ орын Чурсин Михаил, 2 курс, ҚазҰУ

ІІІ орын Джумаева Айсулу, 4 курс, ҚазҰУ

Арабтану бөлімі бойынша:

I орын Байбаченова Айнагул, 3 курс, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

ІІ орын Ашинова Ботакоз, 4 курс, ҚазҰУ

ІІІ орын Кабылханова Айман, 3 курс, ҚазҰУ

Жапонтану бөлімі бойынша:

I орын Сейткалиева Инкар, 3 курс, ҚазҰУ

ІІ орын Аббасова Асем, 3 курс, ҚазҰУ

ІІІ орын Жанузаков Абзал, 3 курс, ҚазҰУ

Корейтану бөлімі бойынша:

I орын Кайрат Жадыра, 3 курс, ҚазҰУ

ІІ орын Бейсенбаева Алтынай, 1 курс, ҚазҰУ

ІІІ орын Жанибек Аруна, 3 курс, ҚазҰУ