ҚазҰУ-да ақын Исраил Сапарбаймен кездесу өтеді

01.04.2013

Көрулер: 2527

2013 жылдың 3-ші сәуір күні сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы механика-математика фаультетінде (Қызыл зал) “Информатика” кафедрасының ұйымдастыруымен ақын, драматург, композитор, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Тарлан» сыйлығының иегері Исраил Сапарбайдың қатысуымен “Махаббатта ұланғайыр ұлы ұғым” атты кездесу кеші өтеді.


Кеште ақынның өмір баяны туралы қысқаша бейнебаян көрсетіліп, ақынның өлеңдері, студенттердің ақынға арналып шығарылған өлеңдері оқылып, әндері айтылады, сонымен қатар ақынға сұрақтар қойылады. Кешке келем деушілерге есік ашық.

Информатика кафедрасы