ҚазҰУ-да ЕО Темпус QUEECA жобасы аясындағы I-ші Форумы өтеді

29.03.2013

Көрулер: 2297

2013 жылдың 3 cәуір күні сағат 10:00-де ҚазҰУ-да (ректорат, 15 қабат) «Орта Азиядағы инженерлік білім беру сапасы» ЕО Темпус QUEECA жобасы аясындағы I-ші Форумының ашылуы өтеді.


Бұл шараны ҚазҰУ, KazSEE Қазақстан инженерлік білім беру қоғамы және Қазақстан ұлттық Жоғары Мектеп академиясы бірлесіп өткізеді.

Бұл форум жаратылыстану ғылымдары пәндерінің сапасын жaқсарту және Орталық Азиялық жаратылыстану-техникалық бағдарламаларының аккредитациялық стандарттарын Евроодақтық стандарттарға және жұмыс берушілердің талаpтарына сай дайындау жөніндегі мәселелерді талқылау aлаңына айналады.

Жоғарғы деңгейдегі халықаралық іс-шараға Флоренция Университеті, Еуропалық инженерлік бағдарламаларды аккредитациялау жeлісі (ENAEE), Ресей инженерлік білім беру Ассоциациясы (АИОР), Халықаралық инженерлік білім беру қоғамдары федерациясы (IFEES), Лиссабон инженерлік институты (ISEL), Еуропалық инженерлік білім беру қоғамы (SEFI), Итальяндық инженерлік бағдарламаларды аккредитациялау агенттігі (QUACING), ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы басқармасы өкілдері және сонымен қатар, жобаның Орта Азиялық серіктестері қатысады.

Халықаралық ынтымақтастық Департаменті