Экология мәселелері ҒЗИ-да су ресурстарын тиімді қолдану және қорғау білімдерін насихаттауға арналған дөңгелек стол өтті

29.03.2013

Көрулер: 3101

Экология мәселелері ҒЗИ-да су ресурстарын тиімді қолдану және қорғау білімдерін насихаттауға арналған дөңгелек стол ұйымдастырылды. Оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, БАҚ, экологиялық қоғам және ҚР қоршаған ортаны қорғау Министрлігі өкілдері қатысты.

Университет қабырғасында 20-наурызда өткен кездесу суға қамқорлықпен қарауға бағытталған «Табиғатты қорғау қазақ қоғамы» ТҚҚҚ және Coca-Cola қорының ортақ жобасының бастауы болып табылады. Қазіргі таңның өзінде Қазақстан су ресурстарына өте тапшы және бұл мәселе жыл сайын тек қана өршіп келеді. Бұл жөнінде ТҚҚҚ төрағасының орынбасары Н.В.Попов хабарлады. Ғалымның мәлімдеуі бойынша, еліміздің 20% тұрғыны ашық бұлақ көздерінен сапасыз суды пайдалануда, ал ағынды өзендердің суының 50% тиімсіз пайдаланылуда. Қалыптасқан су тапшылығы жағдайына сонымен қатар Қазақстандағы климаттың аномальды жылуы да өз әсерін тигізетінін жиылған қауымға География және Табиғатты қолдану факультетінің деканы профессор В.Г.Сальников мәлімдеп өтті. В.Г.Сальников жетекшілігімен бірнеше жылдар бойы далалық зерттеулер және басқа да талдау жұмыстары жүзеге асырылған болатын. Өз кезегінде, Coca-Cola қорының өкілі Олег Пилецкий, «Табиғат» экологиялық одағының көшбасшысы Мэлс Елеусізов, биология және биотехнология факультетінің деканы профессор Т.М. Шалахметова және басқа да дөңгелек стол қатысушылары студенттерді эклогиялық білімді жоғары деңгейге көтеруге шақырды, себебі, қоғамға осы салада жоғары білікті мамандар керек екені мәлім. Кездесуді қорытындылай келе, экология мәселелері ҒЗИ директоры А.А.Скакова, қойылған мәселе бойынша тұрғындардың экологиялық сана сезімдерін өзгерту және Қазақстанда «жасыл экономиканы» құру білімді насихаттаусыз іс жүзінде мүмкін емес екенін айтып өтті. Сондықтан да, ҚР ҒБМ қолдауымен, елдің студенттерімен кездесулер Астана, Павлодар, Қостанай, Өскемен және республиканың басқа да қалаларындағы ЖОО-да өткізіледі.

Экология мәселелері ҒЗИ