ҚазҰУ-да «Студенттік көктем-2013» байқауының гала-концерті өтеді

28.03.2013

Көрулер: 2500

ҚазҰУ-дің Студенттер сарайында 2013 жылдың 29 наурыз күні сағат 17:00-де жыл сайын өнерлі жастарды қолдау мақсатында өтетін «Студенттік көктем-2013» көркемөнерпаздар байқауының марапаттау рәсімі мен гала-концерті өтеді.


Байқаудың ұйымдастырушылары университеттің Тәрбиесі жұмысы жөніндегі департаменті мен Студенттер клубы.

Байқаудың мақсаты: білімгерлердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру арқылы, оларды тек сапалы маман ғана емес, жан-жақты, рухани дамыған, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.

«Студенттік көктем» байқауының Гала-концертіне екі ай бойы іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен 14 факультеттің жеңімпаздары қатысады. Жеңімпаздар: «Эстрадалық ән», «Дәстүрлі ән», «Халықтық би», «Заманауи би» «Классикалық би», «Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі», «Авторлық шығармалар байқауы», «Ерекше жанр» т.б номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталып, өнерлерін көрсетеді.

Әділ-қазылар алқасының құрамында елімізге белгілі өнер жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері болды. Олар: Шәкизада – ҚР мәдениет қайраткері,белгілі әнші; Рүстем Нұржігіт – Қазақстан эстрадасының жұлдызы, «KZ» тобының әншісі; Меруерт Түсіпбаева – ҚР мәдениет қайраткері, белгілі әнші; Ералхан Әбішев – Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші, продюсер; Бану Тұрғымбаева – хареограф, балетмейстр, ҚР мәдениет қайраткері; Жақсыгелді Маясаров - дәстүрлі әнші, Құрманғазы атындағы концерваторияның оқытушысы, Бақыт Беделхан - белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Меруерт Ақанаева - қобызшы, Мемлекеттік Құрманғазы оркестрінің бас қобызшысы, Қайрат Жәнібеков – белгілі продюсер, композитор.

Жалпы көркемөнерпаздар байқауының бірінші кезеңіне 2000 -нан аса студенттерінің қатысуымен «Жастар рухани орталығында» бірінші іріктеу кезеңі өткізілсе, екінші кезеңге, яғни финалға 700-ге жуық студент жолдама алды. Олардың 70-тен астамы Гала-концертте марапатталады деп күтілуде.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі