ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы акцияға қатысуға шақырады

29.03.2013

Көрулер: 3331

Құрметті әріптестер, қымбатты достар және барлық ықылас білдірушілер!

«Әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхананы ең жақсы кітапхана жасаймыз!» деген университеттік акция 5 сәуірге дейін созылады.


Біз мұғалімдерді, университет қызметкерлерін және барлық ықылас білдірушілерді осы әрекетке белсенді үлес қосуына шақырамыз.

Егерде Сізде өзіңіз оқып болған кітабыңыз болса, Ғылыми кітапхана оны қуана қабыл алады. Сіздің кітабыңыз міндетті түрде өз оқырманын табады.

Сіз қатысады деп үміттенеміз!

Кітаптарды мына мекен-жай бойынша әкелуге болады:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми кітапхана, әл-Фараби даңғылы 71. Ғылыми кітапхананың жаңа корпусы, 1 қабат, кіру абонементтер жақтан, кітаптарды жинақтау, библиографиялық өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі. Қабылдау тел.: 2925717(2192), 3936048.

Әрекеттің соңында қорытынды шығарылып, белсенді қатысушыларға төмендегідей:

  • Өте белсенді факультет;
  • Өте белсенді кафедра;
  • Өте белсенді қызметкер;
  • Өте белсенді серік атағы беріліп, бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы