ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің Start up компаниясы «YouthTravel» көктемгі экскурсияға шақырады

28.03.2013

Көрулер: 2606

Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларын көктемгі экскурсияларға шақырады. 31 наурыз – Шарын шатқалына экскурсия, 7 сәуір – Тамғалы (тасқа жазылған жазулар), Шарын шатқалы, Үлкен Алматы көлі, 14 сәуір – Әнші құмға экскурсия, Есік көлі, 21 сәуір – Түркістан қаласына тур.

Экскурсия арқылы студенттерді Алматы облысының табиғатымен таныстыру, табиғатқа деген жанашырлық сезімдерін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Экскурсия материалдарында Алматы қаласының маңындағы көрікті әсем жерлерді көрсету, студенттердің демалысын дұрыс әрі пайдалы ұйымдастыру, физикалық жетілдіру басты мақсат.

Экскурсиялар жайлы толық ақпаратты төмендегі мекен-жай арқылы ала аласыз:

ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркі, 2 қабат, 209 офис www.youthtravel.kz

http://vk.com/youthtravel тел.: +7707430 55 66 , +770710 47 9 47.

ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің

Start up компаниясы «YouthTravel»