Тәрбие жұмысын жақсартуға арналған семинар өтті

27.03.2013

Көрулер: 2646

2013 жылғы 20 наурызда Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы тәрбие жұмысы бойынша орталықтардың қызметін дамыту мен жетілдіру мәселелері» атты тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызмет орталықтарының басшыларына арналған семинар өтті.

«Семинардың негізгі мақсаты университеттегі тәрбие жұмысын дамыту мен жетілдірудегі орталықтар қызметінің негізгі басым бағыттарын талдау» деп атап өтті өз сөзінде Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры М.С. Ноғайбаева.

Семинар жұмысының бағдарламасына cәйкес тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімнің жетекші маманы С. Жандыбаева «Университеттегі тәрбие жұмысын дамыту мен жетілдірудегі орталықтардың қызметін талдау» атты баяндамасында орталықтарға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығының аға ғылыми қызметкері, с.ғ.к., доцент Г.А. Кенжакимованың «Әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы: тиімді қаражат тарту түрлері» және «История и культура края» орталығының жетекшісі Т.В Курманованың «История и культура края» орталығының жұмыс тәжрибесі туралы» баяндамалары көпшіліктің көңілінен шықты.

Семинарға қатысушылар тәжірибе алмасып, өз орталықтарының жұмыстарына арналған негізгі мәселелерді шешу жолдары мен қосымша мәліметтер алды.

Ұйымдастырушылар семинарға қатысушылардың барлығына алғыс айта отырып аталған орталықтардың ары қарай бірігіп жемісті еңбек етуіне үміт білдіреді. Өз кезегінде Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент әдістемелік және үйлестіру жұмыстарына қолдау көрсетуге әрдайым дайын.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент