«Бір факультет – бір кітап» байқауы жарияланды

26.03.2013

Көрулер: 3216

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті 26 наурыз және 25 сәуір аралығында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында жалпыуниверситеттік «Бір факультет – бір кітап» байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас.

Міндеттері: отандық және әлемдік әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету; көркемсөз оқу шеберлігін дәріптеу, оның тәрбиелік мәнін ашу; шығармашылық қабілетті арттыру.

Әр факультеттің бір кітапты бір мерзімде оқып шығуы және талқылауы. Осы кітапқа арнап, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізілу байқаудың шарты болып табылады.

Байқау қорытындысы 22-26 сәуір аралығында өтетін «100 кітап» апталығы барысында шығарылады.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент