Қазақ радиосы. Жаңалықтар

26.03.2013

Көрулер: 1740

Мереке
Студенттер Наурыз мейрамын тойлауды
Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жастар алаңында Ұлыстың ұлы мерекесі - Наурыз мейрамын тойлап жатыр. Университеттің әкімшілік департаменті, Студенттер қалашығы, Жоғарғы студенттер кеңесі, жатақханалар мен оқу корпустарының ұйымдастыруымен өткен мереке барша жиналған жұртты үлкен дайындығымен, тамаша концерттік қойылымдарымен қуантты.
Жастар алаңында әр жатақхана бірігіп, киіз үй тігіп, ауыл құрып, дастархан жайып, ән шырқап, би жарысына қатысты. Студенттер арасында «Наурыз көже» мен бауырсақ жеуден жарыс өткізсе, жатақханалар мен факультет қызметкерлері домбырамен ән шырқап, топ болып хор айтып жарысты. Ұлттық ойын түрлері, арқан тартыс, қазақша күрес, айтыс, алтыбақан ойналып, университетте жастар ұлыстың ұлы мерекесін қуанышпен қарсы алуда.