Университет студенттері кішкентай емделушілерді Наурыз мерекесімен құттықтады

19.03.2013

Көрулер: 2253

Заң факультетінің студенттері Алматы қаласындағы Ғылыми Зерттеу Институты жанындағы онкология мен радиология клиникасының кішкентай емделушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Емделушілер, яғни балалар зор зейінге мұқтаж. Олар ең қорқынышты онкологиялық дертке шалдыққан. Бүлдіршіндер батырлық танытып осы дертпен күресуде. Басшылық жасап, алып барған мемлекет пен құқық теория және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының эдвайзерлері профессор А.С. Ибраева және з.ғ.д., профессор Д.М. Баймаханова. Әр пациентке студенттер эдвайзерлерімен бірге қосылып жас ерекшеліктеріне байланысты сыйлықтар сатып алып, бүлдіршіндерге сыйлықтарын ұсынды. Бүлдіршіндер ата-аналары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Заң факультеті