Наурыз мейрамымен құттықтаймын - ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов

21.03.2013

Көрулер: 2408

Құрметті әріптестер мен студенттер! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірлік, жаңару мен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Жыл басы Наурызда сіздерге денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

Ізгі ниетпен,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов