Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері сенбілік өткізді

19.03.2013

Көрулер: 2303

2013 жылдың 16 наурыз күні халықаралық қатынастар факультетінде сенбілік өткізілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен құрылған «Айналаңды нұрландыр!» жобасы құрылып, жүзеге асуда. Университет басшысының айтуы бойынша, бұл жобаның негізгі мақсаты: «Әлеуметтік жаңғыру әр адамнан басталады. Әр адам қоғам үшін не істей алады... Ендеше жастардың адами қасиеттерінің деңгейін арттыру, қоғамның үлгісін қалыптастыру, ұлттық сананы дамыту сияқты міндеттерді жүзеге асыруда бұл жоба маңызды рөл атқарады».

Осы орайда факультет деканы К.Н. Шакиров пен деканның оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.С. Абдыхалықовтың ұйымдастыруымен өткізілген факультеттік сенбілікке студенттер мен куратор-эдвайзерлері жұмылдырылды. Сенбілікте жастар белсенділік танытып, факультет ауласын, гүлзарларын тазалап, жинады.

Дипломатиялық аударма кафедрасы