География және табиғатты пайдалану факультетінде кәсіби стандарт бойынша ЖОО аралық семинар-мәжілісі өтеді

18.03.2013

Көрулер: 2425

2013 жылы 19 наурыз күні кәсіби білім сапасын жоғарлату және оқу үрдісіндегі тәжірибе үлесін көбейту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасын іске асыруда, туризм бойынша білім бағдарламасын іске асыратын Алматы қаласы жетекші университеттер мен колледждер декандары және кафедра меңгерушілері үшін география және табиғатты пайдалану факультетінде семинар-мәжіліс өтеді. Ісшара Казақстан туристік ассоциациясы, Экотуризмнің ақпарттар ресурс орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы бастамасымен ұйымдастырылып отыр.


Семинар-мәжіліс мақсаты – Ішкі және кіру туризмді дамыту шеңберінде Қазақстан туристік ассоциациясы іске асырып отырған жобаларымен ЖОО және колледж студентерінің өзара әрекеттесуін белсендіру.

Семинар-мәжіліс өтетін уақыты мен мекен-жайы: ГУК-6, 229 ауд., 16.00 – 18.00