Студенттер ана мен бала құқығын кеңінен талқылады

16.03.2013

Көрулер: 3051

2013 жылдың 14 наурызында халықаралық қатынастар факультетінде халықаралық құқық 32 тобының студенттері мен топ эдвайзері Г. Тілеужанованың ұйымдастыруымен «Ана мен бала құқығы» атты ашық эдвайзер сағаты өткізілді.

Іс-шараға дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Халықаралық Ғылым академиясының Корреспондент-мүшесі, п.ғ.к., профессор А.Ш. Байтукаева., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., доцент Л.М. Котиева., факультеттің аға эдвайзері Г.У. Ахметалиева мен аға оқытушы Г.Н. Абдвахитова қатысты. Студенттер слайд-баяндама жасап, бейнеролик көрсетті. Дилия Чанышева Қазақстан Республикасында соңғы уақытта «Ана мен бала денсаулығын қорғау», «Адамдарды сатумен байланысты қылмыстардың алдын алу және әйелдер құқығы мен балаларды зорлық-зомбылық көрсетуден қорғау» тақырыптарында өткен дөңгелек үстелдерді, еліміздегі баланың құқықтары туралы ҚР-ның 2002 жылғы 8 тамыздағы №345-II Заңын қарастырды. Дамира Нұрқасынова мен Данара Нұрқасынова ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ана мен баланы қорғау бөлімі бойынша слайд-баяндама жасады.Ақмарал Андасбаева Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ балалар қоры туралы, қордың негізгі мақсаты туралы айтты. Сонымен қатар БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция туралы Шатлик Рашидинов пен Наргиз Матчанова толық тоқталды. Эдвайзер сағатының соңында студенттер А. Сейтметова, Д. Нысанова, Ә. Нұртасұлы, Т. Даниял, Д. Лұқманова, Д. Шунаева., А. Маратов, М. Әмір өзара пікірталасқа қатысты.

Халықаралық қатынастар факультеті