Айман Бекетова «Жас куратор-эдвайзерлер» байқауының жеңімпазы

16.03.2013

Көрулер: 2322

Механика-математика факультетінде информатика кафедрасы мен мехматтың студенттер маслихатының ұйымдастыруымен жас куратор-эдвайзерлер байқауы өтті. Сайыс «Таныстыру», «Өнер (көрініс)», «Сұрақ-жауап», «Шешендік өнер» атты қадамдармен өрбіді.

Жарыс қорытындысы бойынша Ақпараттық жүйелер кафедрасының жас куратор-эдвайзері Айман Бекетова Бас жүлдені жеңіп алып, «Мехматтың үздік кураторы» атанды. Ал басқа кафедралардан қатысқан куратор-эдвайзерлер келесі айдарлар бойынша жеңімпаз атанды: Д.Туралина – «Үздік дәріскер» (Механика кафедрасы), П.Төлеуғазы – «Тапқыр куратор» (Информатика кафедрасы), С.Тәпеева – «Сабырлы тәлімгер» (Іргелі математика кафедрасы), З.Абдиева – «Шебер актер» (математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасы).

Механика-математика факультеті