"Құқық және қауіпсіздік" атты жаңа клуб ашылады

12.03.2013

Көрулер: 2146

20 наурызда (сағ. 16:00) Халықаралық қатынастар факультетінде «Құқық және қауіпсіздік» атты дискуссиялық клубының ашылуы өтеді. Клуб магистранттар мен PhD докторанттарға арналған.

«Құқық және қауіпсіздік» дискуссиялық клубының мақсаты «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқитын магистранттар және докторанттармен ғылыми жұмысты жандандыру, магистранттар мен докторанттарды оқытуда жаңа әдістерді пайдалану, халықаралық құқық ғылымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері мен оларды өзге де заң салаларында қолданудың жаңа теориялық бағыттарын таныстыру. Ойын, тәжірибелік және тематикалық элементтерді енгізу арқылы оқу үрдісін түрлендіру болып табылады. Келемін деушілерге есік ашық!

Халықаралық қатынастар факультеті