ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен халықаралық конференциясы өтеді

12.03.2013

Көрулер: 2333

15 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнауына 20 жыл толуына байланысты «Өркениеттер тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияны ұйымастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Халықаралық қатынастар факультеті, Цукуба университеті (Жапония), Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігі.

Конференцияға Қазақстан, Жапон және Германия ғалымдарының баяндамалары ұсынылады.

Конференция жұмысына Қазақ-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығының және бизнес құрылымдарының өкілдері қатысады. Пленарлық отырыста танымал ғалымдардың өзекті мәселелерге қатысты баяндамалары тыңдалады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі