Жігерлік жастарды жеңіске жетелеуде

07.03.2013

Көрулер: 2475

Студенттердің ең сүйікті жобасына айналған «Ең үздік студенттік топ-2013» байқауының 2 кезеңінің I туры өтті. Бірінші факультетішілік кезеңнің қорытындысы (әр топ студентінің үлгерімі, ғылыми жаңалық, қоғамдық жұмыс, спорт саласы бойынша жетістіктерін куәландыратын сертификаттар мен дипломдар), топтың өз-өзін таныстырудағы креативтілігі, бірлігі, формасы және т.б. ескеріліп, екінші кезеңге 10 студенттік топ жолдама алды.


Келесі 2 кезеңнің II турына өткен факультет топтарының тізімі:

  • Механика- математика факультеті (АЖ-5)
  • Физика-техникалық факультеті (РЭТ-229)
  • Биология және биотехнология факультеті (кБТ-102к)
  • Химия және химиялық технология факультеті (ОЗХТ204)
  • Философия және саясаттану факультеті (мәдениеттану мамандығы, 2к.қ/б)
  • Тарих, археология және этнология факультеті (КІ-01К)
  • Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті (ҚФ-1)
  • Экономика және бизнес жоғары мектебі (МжЖБ10к2)
  • Халықаралық қатынастар факультеті (ХҚ11)
  • Шығыстану факультеті (шығыстану мамандығы, 4к.)

Келесі «Саламатты дене мәдениеті» жоба аясында әлеуметтік бейнеролик түсіру және эстафеталық турына қатысуда сәттілік тілейміз!

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы