ҚазҰУ-да жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтеді

06.03.2013

Көрулер: 2128

2013 жылдың 9 наурызында сағат 12:30-да жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде (мәжіліс залы) 15-ші Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтеді. Сайыста университеттің 18 студент өз шеберліктерін көрсетеді.

Доданың нәтижесі бойынша 6 студент таңдалады, олар 4 мамырда Алматы қаласында өтетін 17-ші Ортааззиялық жапон тілінен шешендік өнер сайысына қатысады.

Ұйымдастырушылар: Жапон тілі оқытушыларының қазақстандық қауымдастығы, ҚР-ғы Жапония Елшілігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Демеушілер: ҚР-ғы жапондықтар қауымдастығы, ҚР-ғы жапондық бизнесмендердің қауымдастығы, Жапондық қордың Қазақстан Жапония адам ресурстарын дамыту орталығы.

Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті