Тарих факультетінде «Көктем аруы» анықталды

05.03.2013

Көрулер: 2640

ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушылары және тарих, археология және этнология факультетінің мәслихаты «Көктем аруы» аталған мәдени кеш өткізді.


2013 жылдың 3 наурзында «100 кітап» шеңберінде дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценттері Алпысбаева Н., Садықова Р., аға оқытушылар Шокатова А.. Нұсқабай П. тарих, археология және этнология факультетінің мәслихатымен бірлесіп №10 жатақханада «Көктем аруы» аталған мәдени кеш ұйымдастырды.

Кешке құрметті қонақ ретінде тарих, археология және этнология факультетінің деканы Таймағамбетов Ж.Қ., деканның тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахимбекова Б.Қ., дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Жұмағұлов Қ.Т., дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасары Мырзабекова Р.С., факультеттің студенттер деканы Абдрахманова Қ. қатысты.

«Көктем аруы» сайысында тарих, археология және этнология факультетінің 1, 2 курс студенттері: Ермекбаева Айнұр, Мұратова Альбина, Еркенбек Бибігүл, Есенбаева Дильфуза, Мұханова Нұрдана қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды: сәлемдесу, сұрақ-жауап (Абайдың шығармалары, Ғ. Мүсіреповтың еңбектері мен қазақ халық ауыз әдебиетінен сұрақтар), ас мәзірі, мақал-мәтелдер әлемі, өз өнерін көрсету. Байқау өте қызықты өтті. Әрбір қатысушы өзінің өнері, яғни биі, ән айтуымен ерекшеленді. Әділқазы алқасы ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту мақсатында студенттердің өз ішінен алынды. Белсенділер қатарында «Көмек» еріктілер қозғалысының төрағасы Бірімжан Алмас, орынбасары Сәлімжанов Қайсар, Студенттер Сенатының төрағасы қызметін атқарушы Қыдыралина Нұрзина, «Bluetooth» өнерлі жастар орталығының мүшесі Жолдасов Аян, «халықаралық қатынастар» магистранты Андижанов Әлібек әділқазыға тағайындалды.

«Көктем аруы» ретінде бірінші курс студенті Еркенбек Бибігүл марапатталды.

Конкурстың соңында барлық қатысушыларға әр түрлі номинациялар бойынша дипломдар мен сыйлықтар берілді.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы