ҚазҰУ Астанада өз көрмесін ұсынды

04.03.2013

Көрулер: 2216

Астана қаласында «Көрме» көрме орталығында «ХХІ ғасыр – 2013 ғылым мен білім беру» атты Халықаралық көрменің Х мерейтойлық салтанатты ашылуы болды.

Көрменің мақсаты – білім беру саласындағы жетістіктерді, оқытудың заманауи талаптарын, оқытудың жабдықталуын, болашақ ұрпақтың жаңа оқу бағдарламаларымен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ жас мамандарға өз білімдерін тәжірибеде пайдалануға қатысты көмек көрсету. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қатысушылары университеттің тамаша экспозициясын таныстыра отырып белсенділік танытты. Үш күн бойы түрлі кездесулер өткізіліп, келіссөздер жасалды.

ҚазҰУ экспозициясы ұйымдастырушы «Атакент-Экспо» халықаралық көрмесі тарапынан дипломмен марапатталды.

Көрме жұмысында Қазақстан, Ресей, Венгрия, Германия, Малайзия,Сингапур, Түркия, Чехия, Швейцария ғылым және білім беру орындарының 70-ке жуық жетекші ұйымдары жұмыс істеді.

ЖОО дейінгі білім беру факультеті