Жаңа лицензиялар берілді

02.03.2013

Көрулер: 2291

«ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі Комиссиясының шешімімен білім беру қызметін жүргізу құқығына 5В061100 - Физика және астрономия, 6М061100 - Физика және астрономия, 6D061100 - Физика және астрономия, 6D073400 - Жарылғыш заттардың және пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы, 6D073900 – Мұнайхимия, 6D074600 - Ғарыштық техника және технологиясы мамандықтары бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жаңа лицензиялар берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімі бойынша Прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет көрсетуге (жоюға, сақтауға, пайдалануға, сатып алуға) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне лицензия берілді.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент

Әдістемелік бөлім