Халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау байқауына құжаттар қабылдау басталды

02.03.2013

Көрулер: 2012

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары және студенттері!

Халықаралық ынтымақтастық департаменті 2013 жылдың 18 ақпанынан халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау байқауына қатысуға құжаттар қабылдау басталғандығын хабарлайды. Байқау 2013 жылдың 25 ақпаны мен 2014 жылдың 31 қаңтары аралығында жүргізіледі.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 8 ақпандағы №35 Бұйрығымен 2013 жылғы «Болашақ» стипендиясы аясында оқуға және ғылыми тағлымдамадан өтуге арналған басымды мамандықтар тізімі, ұқсас мамандықтар тізімі, сонымен қатар, ұсынылатын ЖОО тізімі бекітілді.

Қажетті ақпарат бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкері А. Жолдыбековаға хабарласуларыңызға болады.

Ректораттың әкімшілік ғимараты, 1205 кеңсе. Байланыс телефондары: 377-34-46 (ішкі номері: 11-66).