ҚазҰУ-да атақты поляк ақыны Вислава Шимборская кітабының тұсаукесері өтті

01.03.2013

Көрулер: 1946

Журналистика факультетінде Польшаның Алматыдағы Бас Консулы Веслав Осуховскидің қатысуымен поляк ақыны, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының Лауреаты Вислава Шимборскаяның «Иссактың қателігі неде?» атты кітабының тұсау кесері өтті.

Кітап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлем халықтарының әдебиеті институтымен шығарылды. Вислава Шимборскаяның «Иссактың қателігі неде?» атты екі тілді кітабында қазақстандық оқырмандарға алғаш рет ақынның шығармашылығымен қазақ тілінде танысуға мүмкіндік туғызған: «Түн», «Күтпеген жерден кездесу», «Вавилон мұнарасында», «Бақытты махаббат», «Таспен әңгіме» және т.б. шығармалары жарияланған.

«Біздің халықтардың тарихи тағдырларының ортақтығы, сонымен қатар, рухани, мәдени және гуманитарлы байланыс – міне осылар қазақ-польша қарым-қатынасының негізі болатын элементтер, оның әрі қарай дамуының кепілі», – деді Польшаның Алматыдағы Бас Консулы Веслав Осуховски.

Іс-шараға университет проректоры Шолпан Жаманбалаева, Абай атындағы халықаралық клубтың Президенті Роллан Сейсенбаев, аудармашы Қайран Әбубәкір, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Вислава Шимборская (1923-2012 ж.ж.) – атақты поляк ақыны және эссэисті, Гетежәне Гердер атындағы мәртебелі наградалардың, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының (1996 ж.) лауреаты, Американдық Өнер және Әдебиет Академиясының құрметті мүшесі дипломының және Польшаның мемлекеттік наградасы «Ақ бүркіт» орденінің (2011 ж.) иегері.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі