«Қазіргі социологиялық дискурстағы қазақстандық білімнің модернизациялануы»

12.10.2012

Көрулер: 2240

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясымен бірігіп, 2012 жылдың 15 қарашасында атақты ғалым, педагог және кеңесші Аженов Матипулла Салахадинұлының 80 жылдық мерейтойына арналған 1 Аженов оқуларын «ҚАЗІРГІ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМНІҢ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУЫ» атты халықаралық ғылыми конференция форматында өткізеді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясымен бірігіп, 2012 жылдың 15 қарашасында атақты ғалым, педагог және кеңесші Аженов Матипулла Салахадинұлының 80 жылдық мерейтойына арналған 1 Аженов оқуларын «ҚАЗІРГІ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМНІҢ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУЫ» атты халықаралық ғылыми конференция форматында өткізеді.

Келесідей секцияларды өткізу жоспарланып отыр:

- Қазіргі білім беру жүйесіндегі модернизациялық үрдістер: социологиялық талдау

- Қазақстандық білімнің жаһандануы мен стратегиясы

- Білім беру әлеуметтануының әдістемелік потенциалы

- Оқыту үрдісіндегі ғылым мен білім синтезі

- Қазақстандағы зерттеу университеттерінің дамуы

- Қазақстандағы социологиялық дискурс: қазіргі шынайылық пен зерттеулер

Конференцияның басталуына дейін мақалалар жиынтығын баспаға шығару жоспарланып отыр.

Конференцияның өту орны: аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы.

Ұйымдастырушы комитеттің мекен-жайы: әл-Фараби даңғ. 71, Алматы 050040, Қазақстан, ГУК-3, каб.1, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы.

Тел: 3773333, 3773334, ішкі тел. 1349.

Электрондық адрес: socio.kaz_2010@mail.ru

Өтініштер мен мақалаларды тапсыру мерзімі: 20 қазан 2012ж.

Конференцияға қатысу мен мақаланы баспаға шығаруға қойылатын талаптар:

1. Автор туралы мәліметтер: тегі, есімі, әкесінің аты; ғылыми дәрежесі; ғылыми атағы; негізгі жұмыс орны; қызметі; үй, жұмыс және мобильді телефоны; электрондық және почта адресі (жинақтың редакциялық коллегиясымен байланысу үшін);
2. Бұрын баспаға шығарылмаған зерттеу нәтижелері мен конференция тақырыбы бойынша дискуссиялық мақалаларды қамтитын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақалалар қабылданады.
3. Мақала көлемі,
4. Мақаланы безендіру.

Кестелерде, суреттерде, формулаларда белгілердің мәні әр түрлі болмауы керек. Суреттер нақты, түзу болуы керек. Суреттер мен кестелердегі мәтіндерге сілтемелер болуы қажет.

Иллюстрациялық мәліметтер мынадай форматта ұсынылады: суреттер мен фотолар үшін tiff немесе jepg (300 dpi түрлі түсті мен ақ қаралар үшін); диаграммалар мен графиктер, кестелер және т.б. - exls, cdr. Суреттің астында немесе артқы жағында автордың аты-жөні, мақала атауы және суреттің нөмірі көрсетіледі. Иллюстрациялар міндетті түрде жеке файлдар ретінде жіберіледі (олар кейін қаптау кезінде қолданылады). Суреттің мәтіндері жеке тізіммен мақаланың соңында беріледі.

Мақаланың соңында авторлардың барлығының қолы қойылады.

5. Әдебиеттер тізімі 20 атаудан көп болмауы керек және ГОСТ стандарттарына сәйкес жазылады. Мәтіндегі ақпарат көздеріне сілтемелер тек тік жақшаларда беріледі (төл сөзсіз [12], төл сөзбен немесе мазмұнымен [12, б. 29]). Сілтемелердің нөмірлері әдебиеттер тізімімен сәйкес келуі керек. Мақалада электрондық ресурстар немесе (Интернет) мәліметтері қолданылса, әдебиеттер тізімінде ақпарат көзінің библиографиялық жазбасы және желі ресурсының Интернеттегі толық адресі көрсетіледі. Ресурсты қолдану мерзімін ұсынылуы қабылданады.
6. Аннотациялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылады. Мақала қорытындылары мен пәні айқындалады, аударма ақпараттылық, мәнділік және сапа талаптарына сәйкес келуі керек (5-7 жол).
7. Редакциялық коллегия мақалаларға таңдау жүргізеді. Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторларға жүктеледі. Қажеттілік болған жағдайда мақала авторға жетілдірілуі үшін қайтарылуы мүмкін.

Конференцияның ұйымдастырушылық комитеті