ҚазҰУ-да қылмыскерлікпен күресу мәселелерін зерттеу жөніндегі Ғылыми-зерттеу орталық ашылды

29.04.2009

Көрулер: 3697

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен «Жаһандану жағдайында трансұлттық ұйымдасқан қылмыскерлікпен және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында қылмыскерлікпен күресу мәселелерін зерттеу жөніндегі Ғылыми-зерттеу орталық пен профессор Е.Ғ Жәкішев атындағы аудитория ашылды.

Ғылыми-зерттеу орталық полиция мен медициналық сараптаманың кез-келген қызметкері қызығатындай соңғы техникалық жабдықтармен қамтылған. Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі профессор Рима Жансараева өз сөзінде студенттердің енді тергеу тобы мен сарапшылардың жұмыс негіздерімен етене танысып, мамандықты игеруде жаңа мүмкіншіліктері туындап отырғанын айтты. Факультет ғалымдары болашақта бұл орталық ірі ғылыми институт дәрежесіне жетеді деген үмітпен қарайды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі